Жаңалықтар
Шараға тәрбиеленушілермен қатар, ата-аналар мен педагогтар да қатысып, экологиялық мәдениетті насихаттауға өз үлесін қосты.
Марафон барысында балабақша ауласы экологиялық алаңға айналды. Балалар табиғат туралы тақпақ айтып, ән шырқап, қоршаған ортаны қорғау тақырыбындағы суреттерін таныстырды. Ал қайта өңдеуге жарамды материалдардан жасалған қолөнер көрмесі көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Қатысушылар пластик, қағаз және тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратып, түрлі қолөнер бұйымын әзірлеген.
2024 жылғы 18 желтоқсан күні №14 «Қонжық» бөбекжай- балабақшасының базасында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының аясында облыстың мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған «Білім беру процесін байыту үшін сенсорлық технологияларды қолдану» тақырыбында облыстық семинар - практикум өтті.
Құттықтаймыз!
Ұстаздардың мерейлі мерекесі қарсаңында бөбекжай балабақша меңгерушісі Омарова Шолпан Шамшатовна Ақтөбе облысының Білім басқармасы басшысының Алғыс хатымен марапатталды.

